Дипломдық жұмыс тақырыбы: «Шағын бизнестің қаржылық нәтижелерін болжауға арналған үлкен деректерді талдау жүйесі». Бұл жүйе шағын бизнес үшін кіріс-шығыс құрылымын жинақтап, қаржылық нәтижелерді есептеуге, тәуекел сценарийлерін модельдеуге және келесі кезеңдерге болжам жасауға арналған.
Функционалдық мүмкіндіктер
- Деректерді басқару: өнімдер, шикізаттар, өлшем бірліктері, шығындар және жоспар деректерін енгізу/өңдеу.
- Қаржылық есептеу: табыс, шығын баптары, өзіндік құн, салықтар және міндетті төлемдерден кейінгі таза нәтиже.
- Болжау: 2026 айлық дерегі бойынша 2027 айлық нәтижені сызықтық регрессиямен болжау.
- What-if талдау: инфляция/энергия бағасы өзгерісін слайдермен модельдеу және нәтижені лезде жаңарту.
- ABC-талдау: шикізаттарды жылдық шығын үлесіне қарай A/B/C топтарына бөлу.
- Supply Chain / жоспарлау: 2027 Q1 үшін шикізат қажеттілігін (орташа + 10% қор) есептеу.
- Dashboard: негізгі KPI көрсеткіштерін (жылдық табыс, жылдық таза пайда, рентабельділік, ең шығынды шикізат) көрсету.
- Экспорт: ресурстар кестесін Excel-ге шығару.
Негізгі есептеулер логикасы
Талдау бөлімі ай/тоқсан бойынша келесі көрсеткіштерді есептейді:
- Барлық табыстар: өнім бағасы × жоспарланған көлем.
- Шикізат шығындары: материал тұтынуы × материал бағасы.
- Технологиялық шығын (3%): шикізат құны 3% бракты ескеру үшін 1/(1−0.03) коэффициентіне көбейтіледі.
- Жалақы қоры (ЖҚ): қызметкерлердің айлық жалақы соммасы.
- ЖҚ салығы (11%): ЖҚ × 11%.
- Өзге шығындар: айлар бойынша енгізілген қосымша шығындар.
- Амортизация: 250 000 тг/ай тұрақты шығын.
- Қосымша құн салығы (ҚҚС, 16%): сатылымнан 16%.
- Корпоративті табыс салығы (КТС, 20%): пайда оң болса, пайдаға 20%.
- Таза пайда: барлық міндетті төлемдерден кейін қалған нәтиже.
- Залалсыздық нүктесі (дана): (ЖҚ + ЖҚ салығы + өзге шығындар + амортизация) / маржа(дана).
Болжау моделі
Болжам 2026 жылғы айлық “таза пайда” деректері бойынша сызықтық регрессия арқылы есептеледі: уақыт индексі (1..12) бойынша тренд алынып, 2027 (13..24) айлары үшін болжамды мәндер шығарылады.